Димаш Құдайберген:
Өлең айту үшін тұған

Димаш – қазақ әншісі, бірқатар әндердің авторы һәм бірнеше аспапта еркін ойнайтын мульти-инструменталист. Кәсіби деңгейі жоғары әншілерге арналған қытайлық «Мен әншімін-2017» таланттар шоуына қатысқаннан кейін Димаш Құдайбергеновтің даңқы аспандап шыға келді. Бұл байқауда Димаш екінші орын алған болатын. Диапазоны 6 октавалық ерекше дауыс иесін кәсіби музыка әлемі құбылыс деп таныды.


Димаштың өнерін жоғары бағалаған жанкүйерлері — бүгінде «Dears» деген атаумен белгілі бүкіләлемдік фан-базасын қалыптастырды. Әлемнің әр түкпіріндегі «Dears» мүшелері — өнер десе ішер асын жерге қоятын талғампаз қауым ортақ мақсатта ынта-ықыласпен жұмыла әрекет ететіндігімен, интернетте өте белсенділігімен белгілі.
«Жақсылық та, жамандық та — өмірде кездесетін кейбір сәттер ғана. Мен үшін адамның рухани тазалығы оның кәсіби жетістіктерінен маңыздырақ. Біз бұл өмірге әнші не мұғалім болу үшін емес, ең алдымен адам болу үшін келдік. Біз рухани құндылықтарымызды және адами қасиеттерімізді бағалауымыз және қадірлеуіміз керек».

«Мен өз тыңдарманымның өнеріме деген құрметіне тәнтімін, бірақ кейде олар мені асыра дәріптеп жібереді. Мен басқалар секілді қарапайым ғана жігітпін ғой».

«Әртістерді «жұлдыз» қылатын — олардың фанаттары. Менің жанкүйерлерім өнерімді өте жоғары бағалайды және маған үнемі қолдау көрсетеді. Олар маған отбасымдай жақын»
Димаш Құдайберген, BBC Қырғызстанға берген сұхбаттан үзінді
Димаш туралы деректер
Туған күні: 24 мамыр 1994 жыл.
Туған жері: Ақтөбе, Қазақстан
Жанры: Поп, Классикалық Кроссовер, халықтық және ұлттық музыка
Мамандығы: әнші, ән авторы, мульти-инструменталист
Ойнайтын аспаптары: домбыра, фортепиано, дабыл, гитара, ксилофон, вокал (барлығы)
Кәсіби тәжірибесі: 2010 жылдан бастап сахнада
Дауыс диапазоны: алты октава және плюс 1 нота
Ескерту: Диапазоны C2-D8 аралығын, яғни баритоннан сопраноға дейін қамтиды және дауыс биіктігі ерекше.

Димаш – Димаш Құдайберген (1994 жылы 24 мамырда туған) — қазақ әншісі, бірқатар әндердің авторы һәм бірнеше аспапта еркін ойнайтын мульти-инструменталист. Кәсіби деңгейі жоғары әншілерге арналған қытайлық «Мен әншімін-2017» таланттар шоуына қатысқаннан кейін Димаш Құдайбергеновтің даңқы аспандап шыға келді. Бұл байқауда Димаш екінші орын алған болатын. Димаш диапазоны 6 октава және 2 жартылай тонды қамтитын ерекше дауыс иесі ретінде де танымал.

Димаш Құдайбергенді «Астана Опера» опера және балет театрына лауазымды қызметке шақырған, бірақ әнші классикалық музыка мен дәстүрлі қазақ музыкасын поп-музыкамен ұштастыра отырып, қазіргі заманауи музыка саласында бағы мен бабын сынап көрмекке бекінді. Оның арманы — Қазақстанды бүкіл әлемге таныту!

Димаш өз ұлтын ерекше сүйеді, нағыз патриот, ұлтжанды жігіт, сондықтан да болар өнеріне табынушыларын, жанкүйерлерін Қазақстанға үнемі шақырады. Оның репертуарындағы әндердің жартысынан көбі — қазақ тіліндегі әндер. Димаш әлемдік сахналарда өз ана тілінде сөйлеп қана қоймай, қазақтың ұлттық аспабы домбыраны да алып шығады. Жанкүйерлердің кейбірі Димаштың әндері мен оның берген сұхбаттарын түпнұсқада тыңдау үшін, жақсырақ түсіну үшін қазақ тілін үйрене бастағандарын айтады.

Қазақстан Республикасының бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаев: «Димаш Құдайберген — біздің тәуелсіздігіміздің келбеті. Ол зор талант иесі» деген болатын.


ФЕСТИВАЛЬДЕР ТАРИХЫ
«CBS» арнасындағы (АҚШ) әлемнің ең таңдаулы таланттарының шоуы
Ең үздік орындаушы
2019
«One Belt One Road» халықаралық брендинг фестивалі (Пекин, Қытай)
Достық Елшісі
2018
Жыл сайын ұйымдастырылатын халықаралық музыкалық фестиваль (Астана, Қазақстан)
Астана Дауысы
2017
Азияның жаңа әндері фестивалі (Пекин, Қытай)
Жылдың ең үздік шетелдік өнер адамы
2017
Chinese Golden Melody Festival
Hong kong, china
Үздік әртіс
2017
«Славянский базар — 2015» музыкалық фестивалі (Витебск, Ресей)
Гран-при
2015
«Мейкин Азия» жас орындаушылардың бірінші халықаралық фестивалі (Ыстықкөл, Қырғызстан)
Гран-при
2013
"Байқоңырдың әсем дауысы" халықаралық фестивалі (Байқоңыр, Қазақстан), 2010 жыл.
Бірінші орын
2010
Біздің байланыстар
DIMASH ALI STUDIO
Продюсер & Менеджер

Kanat@dimashinfo.com
PR және Жарнама

PR@dimashinfo.com
Фан-клуб

Dears@dimashinfo.com
Қытайдағы продюсерлік орталық BG Talent