ӘЛЕМНІҢ ЕҢ
ҮЗДІК ТАЛАНТТАРЫ ШОУЫ 2019

Джеймс Корден ұйымдастырған The World's Best шоуы — планетаның әрбір түкпірінен түрлі жанр бойынша таланттар қатысатын жаһандық конкурс. Олар Дрю Бэрримор, РуПола Чарльза және Фейт Хилл сынды америкалық қазыларды таңғалдырып қана қоймай, әлемнің түрлі елдерінен келетін 50 тәжірибелі сарапшыдан тұратын қазылар алқасы бар «Әлем қабырғасынан» мүдірмей өтуі тиіс.
Диапазоны 6 октавалық әнші

Шоудың барлық кезеңдерінде Димаш тек көрерменнің ғана емес, қазылардың да сүйікті әншісі һәм барлық қатысушылар арасында үздік болды. Чемпиондық тур кезеңінде Димаш Үндістаннан келген бала әнші Лидианмен және Қазақстаннан барған әнші Данелиямен — жас балалармен жарыспау үшін шоудан өз еркімен шығып кетті. Оның ниеті таза еді — Димаш жас таланттарға жол бергісі келді... Димаш балаларды өте жақсы көреді және бойында ұшқыны бар талантты балаларға үнемі қолдау көрсетеді. Жанкүйерлер Димаштың бұл шешімін бір ауыздан қолдады.

«Жарайсың, Димаш! Бұл өте ізгі дұрыс шешім болды! Балаларға жол беру — нағыз бекзат адамның қолынан келетін іс! Сізге деген құрметіміз арта түсті!»
Алекс Полосин
Youtube қолданушысы
«Сенің бұл әрекетің мені Саған және Сенің еліңе жақындата түсті. Мұндай батыл шешімге келу үшін парасаттылық, кемелдік қажет... Қазақстанға деген махаббатпен Үндістаннан»
karthik sun
Youtube қолданушысы
«Бұл біздің мәдениет... Оның балалар үшін өнер әлеміне жол ашуы — өте дұрыс шешім! Мен оны түсінемін және шешімін қолдаймын! Ол нағыз жеңімпаз!»
ДЖИА НУРТАС
Бейбітшілік қабырғасы мүшесі